Жамбыл облысындағы 42 ауылдың тұрғыны жайылымға жарымай отыр, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жер жетіспеушілігі Таразға жақын жатқан ауылдарда қатты байқалады. Мысалы 6 мың малы бар Сарыкемер ауылына 2 мың гектар жер қажет. Ал Нұрлыкент ауылына 8 мың гектар жайылым керек. Облыс бойынша 164 мың гектар алқап жетіспейді. Ал мұндай мәселенің туындауына жердің жеке адамның қолына өтіп кетуі себеп көрінеді. Тіпті кейбір әкімдіктер де бұған мүдделі болған. Байзақ ауданының әкімдігі 400 гектар жайылымды 4 адамның жекесіне өткізіп жіберген. Соңғы 3 жылда облыста осындай 14 әкімдік қызметкері жерді заңсыз беру дерегі бойынша жауапқа тартылған.
– 88 мың гектар жер игерілмей жатыр. Олардың барлығына жер ресурстарын басқару департаментінен нұсқама берілген, келер жылы тексеріледі. Бірақ ескерту берілген кезде игерілмеген кісілердің барлығы мемлекетке қайтарып жатыр. Қазіргі 5 айдың қорытындысы бойынша 22 мың гектар қайтарылды, – деді Жер қатынастары басқармасының бөлім басшысы Ботагөз Боранқұлова.
Оқи отырыңыз: Елімізде сот ісін жүргізудің жаңа моделі құрылады