Жезқазғанда 90 мың гектардан астам жер мемлекет меншігіне қайтарылды

05.06.2024 23:51

Ұлытау облысындағы бос жатқан учаскелерге конкурс ұйымдастырылады

Almaty.tv

Жезқазғанда 90 мың гектардан астам жер мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Аталған аумақ түгелдей пайдаланылмай жатқан ауылшаруашылығы жері есебінде болағн. Бұған дейін өңірде шамамен 4 мың гектар аумақ қайтарылған. Ал жұмыс әлі де жалғасатын көрінеді.

Айта кетейік, жақын арада Ұлытау облысындағы бос жатқан учаскелерге конкурс ұйымдастырылады. Бұл мақсатта Талап, Сарыкеңгір, Кеңгір ауылдық округтеріндегі 13 жер учаскесі байқауға қойылмақ.

– Соттың шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ. Заңды күшіне енгеннен кейін, жергілікті азаматтарға жер учаскелері конкурс арқылы қайта беріледі. Азаматтарға берілген жер 1 жыл ішінде қолданылмаса, мемлекет меншігіне қайтарылады, – деді Жер қатынастары бөлімінің басшысы Марғұлан Сейдахметов.