Алматыда Тұңғыш Президент күніне арналған «Мен жастарға сенемін» атты форумның ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Іс-шарада жоғары оқу орнының қызметкерлері мен студенттер бас қосып, сайыстың қорытындысы бойынша жүлдегерлерді марапаттап, арнайы сертификаттар табысталды. Республикалық жарыс жас білімгерлер арасындағы осымен 9-рет өтіп жатыр.
«Мемлекет жаңа буын алдына барлық жолдарды ашты. Бүгінгі жастар патриоттық форумы да жастарға үлкен есік ашып жатыр. Бұл – ең басты жетістік», – деді Алматы облысы Қапал ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Владимир Чепель.
«Мен жастарға сенемін» форумы аясында республика бойынша студенттердің ғылыми жұмыстары қабылданды. Жарысқа барлық өңір қатысып, үздік деп танылғандар 1 жылдық тегін грантқа ие болды.
«Мамандық жайлы видео түсіру керек болды. Ал мен оны өз ойымдағыдай етіп жасадым. Соның нәтижесінде, міне, Гран-приды иелендім. Керемет ұйымдастырылған», – деді Семей мемлекеттік медицина университетінің студенті Дамир Шадибекұлы.