Алматыда Фариза Оңғарсынова кітаптарының тұсаукесер рәсімі өтті

27.11.2019 23:55

Көптомдық өлең жырлары «Шілде», «Полдневный жар» деген атаумен 2 тілде жарық көрді

«Қазақ поэзиясының ханшайымы». Алматыда Фариза Оңғарсынованың таңдаулы өлеңдері жинақталған кітаптарының тұсаукесер рәсімі өтті. «Жыр - менің жалғыз тарланым» деп жырлап өткен Фариза ақынды еске алу кешінде ізін басушы жас ақындар өлең шумақтарын оқып, әсерлі домбыраның үні де естілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Оқырмандардың жаны нәзік ақынның шығармашылығына тәнті болғаны соншалық, көп томдық өлең жырлары «Шілде», «Полдневный жар» деген атаумен 2 тілде жарық көріп, бүгін ұлттық кітапханаға сыйға тартылды.

«Фариза Оңғарсынованың ең таңдаулы шығармаларынан орысшы-қазақша екі кітапты арнайы Ұлттық Кітапханаға сыйлап жатырмыз. Бұл қазірше бес мың данамен шығып жатыр. Әлі де Фаризаның өлеңдеріне сұраныс көп. Әсіресе, қазақ кітаптарына деген сұраныс артып келе жатыр», – деді «Сардар» баспасының бас редакторы Алмас АХМЕТБЕКҰЛЫ.