«Таза Алматы» экологиялық шарасын Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев бастайды

26.07.2019 23:55

«Таза Қазақстан үшін» челенджін Президенттің өзі қолдады

Ешқандай ауа-райының қолайсыздығы тазалық жүргізуге кедергі бола алмайды. «Таза Қазақстан үшін» челенджін Президенттің өзі қолдады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Ал, Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев 27 шілдеде «Таза Алматы» экологиялық шарасын бастап бермек. 

Көкжайлау аумағын тазалауға еліміздің бас экологі Мэлс Елеусізовтің өзі де қатыспақшы.  

«Достар! Мен де – сіздер сияқты Алматы қаласының тұрғынымын. Бірақ төңірегімізді қоқыс басып жатқаны өте ұят болғандықтан, мен баршаңызды тазалық жасауға шақырамын. Акцияға өзім де қатысамын. Сіздер де келіңіздер. Табиғаты теңдессіз тауымызды адамдардың тастап кеткен қалдықтары мен күл-қоқыстан тазалайық», – деді еліміздің бас экологі Мэлс ЕЛЕУСІЗОВ.