Алматы облысы ПД басшысы азаматтарды онлайн режимде қабылдады

16.10.2020 23:57

Полиция өзінің отандастарына бір қадам жақындай түсті

открытые источники

 2020 жылдың 16 қазанында  сағат 10.00-де @police_almobl ПД Instagram парақшасында Алматы облысы Полиция департаментінің басшысы полиция генерал-майоры Серік Мырзақұлұлы Кудебаевтың азаматтарды онлайн режимде қабылдады, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Бүгін Полиция әлеуметтік желіге шықты: күн сайын бөлімше  басшыларының жаңа аккаунттары ашылып, азаматтармен қарым-қатынастың бұл түрі жетілдірілуде. Әлемдік пандемия да өз түзетулерін енгізді, онлайн  іс-қимылдың халықпен өзара қарым-қатынас жасауда тиімді әрі ыңғайлы екенін көрсетті. Бүгін мен полицияның облыс тұрғындарымен кезекті диалогын онлайн-трансляция режимінде өткіздім. Біз азаматтарымыздың проблемаларын, ұмтылыстары мен өтініштерін бірінші болып естіп, оларға жедел ден қоямыз. Бізде мәселелерді "керекті" және "керексіз", "өзекті" және "өзекті емес" деп бөлу жоқ, өйткені диалог қағидатты түрде ашық және нақты уақыт режимінде жүргізіледі. Эфирге қатысушы жауап ала алмаған бірде-бір сұрақ болған жоқ. Әрине, оларды шешуде уақытты қажет ететін мәселелер бар, бірақ олар менің жеке бақылауымда», – деп хабарлады  Алматы облысы ПД бастығы полиция генерал-майоры Серік Кудебаев.

Полиция өзінің отандастарына бір қадам жақындай түсті. Шамамен төрт сағатқа созылған эфир кезінде 200-ден астам сұрақ қойылып, 3000 интернет пайдаланушысы тікелей эфирді тамашалады.

«Сонымен қатар, менің тапсырмам бойынша сәрсенбі күні сағат 10.00-де аудандық және қалалық басқармалардың бастықтары халықпен дәл осындай  тікелей эфир жүргізеді. Егер сіз ауданда тұрсаңыз және  ІІО байланысты сұрақтарыңыз болса, оларды тікелей басшыларға қойып, оған толық жауап ала аласыз. Белсенді азаматтық қоғамның көмегімен ғана біз бірлесіп мінсіз құқықтық мемлекет құра алатынымызға сенімдімін», – деп толықтырды генерал-майор Серік Кудебаев.