Кемелбек Ойшыбаев ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінен босатылды

primeminister.kz
primeminister.kz
Жаңалықтармен бөлісіңіз

ҚР Үкіметінің қаулысымен Кемелбек Бақтығұлұлы Ойшыбаев берген өтінішіне сәйкес Қазақстан Республикасының ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кемелбек Ойшыбаев 1977 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Қазақ гуманитарлық заң университетін, сонымен қатар Geneva Business School (Швейцария) МВА бағдарламасын тәмамдаған. 

Еңбек жолын 2000 жылы «Интерфакс-Қазақстан» АА» ЖШС тілшісі болып бастаған. Әр жылдары коммерциялық құрылымдарда еңбек етті. 2015-2016 жылдары «ҚазМедиа орталығы» басқарушы компаниясы» ЖШС-да, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде басшылық лауазымдарды атқарды. 

2016-2017 жылдары — «Қазақстан» телерадиокорпорациясы» АҚ басқарма төрағасы. 2019-2020 жылдары — «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КЕАҚ басқарма төрағасы. 

2020 жылғы маусымнан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болды.


Новости партнеров