Парламентте "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" жаңа Кодекс жобасы талқылануда
Бүгін Зәуреш Аманжолова «Құлагер» атты алғашқы медициналық-санитарлық орталықа барды. Депутат дүйім елге міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесін кеңірек таныстыруға ниетті. Кездесуде халық қалаулысы мемлекет әрқашан әлеуметтік салаға көп көңіл бөлетінін айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Мәселен, қазіргі таңда 15 санат белгіленіп, олар міндетті сақтандырудан босатылған.
«Мысалға мемлекет арқылы сақтандыру жүйесіне мемлекет төлейді. Оның ішінде 18 жасқа дейінгі балалар да бар. Әрине, зейнеткерлер, мүгедектер көпбалалы аналар мен аяғы ауыр әйелдер де бар. Әрбір жаңа істің басы қасында проблемалар болады. Біз оны жұмыс барысында біле жатамыз», - деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Зәуреш АМАНЖОЛОВА.
Сонымен қатар, Алматыға арнайы келген мәжіліс депутаты Ольга Шишигина да Nur Otan партиясының Жетісу аудандық филиалынында халықпен кездесу өткізді. Қабылдау кезінде тұрғындардан 20-дан астам өтініш келіп түсті. Басым бөлігі, азаматтық алу және коммуналдық сұрақтар бойынша сауалдар қойды.
«Бүгін бірнеше тұрғын азаматтық алу турасында мәселелерін айтты. Бізде қабылдауда аудан әкімінің орынбасары да болды. Жергілікті билік өкілдері сұрақты шешуді бірден қолға алды. Халыққа қызмет көрсету орталығына барып, құжатардың неліктен кешігіп жатқанын анықтайды», - деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ольга ШИШИГИНА.