Оның 3-еуі ұл, 10-ы қыз
Қала күнінде дүниеге келген нәрестелерді Медеу ауданының әкімі арнайы құттықтады. №2 қалалық перзентханада 15 қыркүйек күні 13 нәресте дүниеге келген. Оның 3-еуі ұл, 10-ы қыз, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Сұлтанбек Мәкежанов ауданда жаңадан ашылатын саябаққа әр шақалақтың атынан тал егуге болатынын жеткізді.
«Бүлдіршіндер саяжайын, саябағын ашамыз ба деген ойымыз бар. Яғни, біз оны қазір келісіп жатырмыз. Жақын арада ол жерді белгілейміз. Содан кейін оны тиісті ақпарат құралдарына беріп, кез-келген ата-ана сол жерге барып, өзінің баласының атынан ағаш отырғызып, атын қоюға мүмкіндік ашылады», – деді Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі Сұлтанбек МӘКЕЖАНОВ.