Қазақстанның Украинадағы елшілігі азаматтарға үндеу жасады, деп хабарлайды Almaty.tv.
"2022 жылғы 28 ақпанда сағат 9.30-да Қазақстан Республикасының Украинадағы елшілігінен қазақстандық азаматтарды эвакуациялауға Львов қаласына автобус жөнелту жоспарланған. Автобус сыйымдылығы 50 орын", - делінген хабарламада.
Елшіліктің мекенжайы - Ю. Ильенко, 26, байланыс нөмірлері: +38 (044) 483-15-96, +38 (067) 347-04-08.
Елшілік әлеуметтік желілердегі және Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігінің жедел мессенджерлеріндегі өзекті ақпаратты қадағалап отыруды сұрады:
Instagram - kazenbukr
Facebook - KazEmbassyUkr
Telegram - t.me/KZembassyinUKR