Жетісу ауданында жабайы саудамен күрес басталды

Жетісу ауданында жабайы саудамен күрес басталды
Заңсыз сауданың нәтижесі тағамдық улану, ішек инфекциялары ауруына, сальмонеллез дертінің өсуіне себеп болуы мүмкін
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жергілікті полиция қызметімен бірге тазалық талаптарына сай емес  жағдайда, қоқысқа толған аумақтарды жою жұмыстары жүргізіле бастады. Бұл туралы аудан әкімі Мақсат Қиқымов инстаграмдағы парақшасына жариялады. Бұл шаралар қала көркін қалыпқа келтіру мен тұрғындардың ыңғайлылығы үшін жасалуда, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Заңсыз сауданың нәтижесі тағамдық улану, ішек инфекциялары ауруына, сальмонеллез дертінің өсуіне себеп болуы мүмкін. Бұдан бөлек, тәртіп сақшыларының айтуынша қылмыс деңгейінің артуы мен қала қазынасына салықтың түспеуіне байланысты әлеуметтік-қоғамдық мәселелерді туындатады.


Новости партнеров