Биыл 16 600 бала тегін мектеп формасымен қамтамасыз етілген
Бұл туралы Алматы қаласы білім басқармасының басшысы Гүлнар Қожабергенова журналистермен өткізген баспасөз конференциясында мәлімдеді. Себебі биыл қаңтар айында білім туралы заңға өзгеріс енгізілген. Бұл ақпарат ата-аналарға кеш жеткендіктен бір жылға өзгерісті шегердік дейді басқарма басшысы, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
«Келесі жылдан бастап ата-аналар баланы алты жастан мектепке беруге дайын болуы керек», – деді Алматы қаласы білім басқармасының басшысы Гүлнар ҚОЖАБЕРГЕНОВА.
Брифингте қала әкімінің жаңа оқу жылының алдында ұстаздармен өткізген форумында көтерген өзекті мәселелері төңірегінде де сөз болды. Ондағы айтылған негізгі мәселердің бірі – оқушы санының көптігі, мектептің аздығы. Гүлнар Қожабергенованың айтуынша, Алматы қаласында үш ауысыммен оқу мүмкін емес. Осы мәселе қазір тікелей әкімнің назарында. Қала басшысының тапсырмасын орындау мақсатында қалада бірнеше мектеп құрылысы қарқынды жүріп жатыр.
«Үш ауысымды болдырмай, орын тапшылығын жою үшін қазір мектептер салынып жатыр. Алатау ауданында мектеп бітті. Алатау ауданы «Нұр шашқан» ауылында 600 орындық мектептің құрылысы жүріп жатыр. Әуезов ауданында 1000 оқушылық мектептің құрылысы жүріп жатыр. 4 мектепке қосымша құрылыс жүргізіліп жатыр. Яғни, осы құрылыс аяқталғанда үш ауысым мәселесі толық болмаса да шешіледі. Бірақ бұл мәселе қала басшылығының тікелей назарында», – деді деді Алматы қаласы білім басқармасының басшысы Гүлнар ҚОЖАБЕРГЕНОВА.
Сондай-ақ, биылғы оқу жылында жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және көп балалы отбасынан шыққан 16 600 бала мектеп формасымен қамтамасыз етілген. Және оқу жылының соңына дейін тегін тамақтанады. Бұл үшін қала бюджетінен 250 миллион теңге бөлініпті.