Надыр Алиев 2011 жылы сатып алған үйінң банкте кепілдікте тұрғанын 6 айдан соң білген
Осындай жағдайдың құрбаны болған шаһар тұрғыны бүгін мәжіліс депутаты Гүлнар Иксанованың қабылдауында болды. Надыр Алиев 2011 жылы 11 миллионға сатып алған баспанасын, жарты жылдан соң банкте кепілдікте тұрғанын анықтайды. Осы уақытқа дейін бірнеше сот процесі өтіп, нақты шешім шықпаған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
«Қазір біз «Нұр Отан» партиясымен бірлесіп осы сынды мәселелерді шешу жолын қарастырдық. Әрине, бұл жерде қарапайым халық жапа жекпеуі керек. Біз барлық құжаттармен таныстық және оларды жоғарғы сот пен бас прокуратура жолдаймыз. Бүгін осы сынды бірнеше тұрғын қоғамдық қабылауда болды. Біз барлық проблеманың оң шешімін тапқанша өз көмегімізді береміз», – деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Гүлнар ЫҚСАНОВА.
«Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалының қабылдау бөлмесіне шағымын айтып оннан астам тұрғын келді. Халықты көбінесе баспана мәселесі алаңдататыны белгілі болды. Жұртшылықтың көкейіндегі мәселелерін мұқият тыңдаған Гүлнар Ықсанова аталған сұрақтар қысқа мерзімде шешілетінін айтты.