Ет өнімдерін таситын кәсіпкерлер малдың сау екенін анықтайтын ветеринарлық құжаттардың әрқайсысын 3 мың теңгегеден сатып алады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Бұл туралы бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақмола облысы бойынша департаменті жетекшісінің орынбасары Арман Бердалин мәлімдеді. Айтуынша, базарлардағы сатылатын өнімдердің нашар күйі мен ветеринарлық және санитарлық-эпидемиологиялық бақылаудың жоқтығы – сыбайлас жемқорлықтың салдарынан.
Биылғы жылдың 8 айында ветеринария саласындағы коррупциялық қылмыс бір жарым есеге бір-ақ өскен. Заң бұзушылықтардың басым бөлігі өнімді сапасына тексеру мен рұқсатнама құжаттарын беруде орын алыпты. Халыққа ауру мал етін жібермеуге жауапты ветеринарлық дәрігерлер жұмысына селсоқ қарап, тек пайда табуды ғана ойлаған. Яғни, ет таситын сатушылар нарыққа шығатын етті тексермей-аұ, сау деген құжаттарды сата берген.
«Қылмыстық тәжірибе аталған саладағы коррупциялық қылмыстар 1.5 есеге артқанын көрсетіп отыр. Атап айтсақ, биылғы 8 айда 139 факт орын алды. Былтырғы жылдың сәйкес кезеңінде 92-ні құраған. Биылғы қылмыстық істер бойынша айтар болсақ, сотқа 100 іс бағытталды. 33 тұлға сотталды», – дейді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің аға тергеушісі Данияр БЕГАЙДАРОВ.
Ветеринария саласында орын алынған бассыздықтаға мысал көп. Мәселен, Шығыс Қазақстан облысында ірі қара малдың еті мен балықты ветеринарлық анықтамасыз саудаланған. Ал Қарағанды, Маңғыстау, Қызылорда, Алматы және Павлодар облыстарында ірі қара рұқсат құжаттарынсыз сатылып, тасымалданған. Қажет құжаттарды тек тексертпей-ақ, сатып алып отырған. Санитарлық қағидаларды өздері бұзған жауапсыздарды ңкесірінен қанша қауіпті мал немесе еттің нарыққа шыққанын ешкім білмейді.
«Көкшетау қаласының ветеринария бөлімінің бас маманы және жеке компанияның мал дәрігері ұсталды. Аталған тұлғаларға 2019 жылдың тамыз-қыркүйек айларында ет өнімдерін жеткізушілерден жүйелі түрде заңсыз, материалдық сыйыақы алып тұрған. Өткізілген жұмыс нәтижесінде коммуналдық базарға ет өнімдерін жеткізетін азаматтар мал дәрігерлеріне әрбір бас үшін 3 мың, 5 мың теңге мөлшерінде пара бергені анықталды. Нәтижесінде оларға еттің қандай да бір ауруға шалдықпағанын растайтын жасанды ветеринариялық анықтамалар беріліп отырған», – дейді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақмола облысы бойынша департаменті жетекшісінің орынбасары Арман БЕРДАЛИН.
Бір жапырақ анықтама құжатын алу үшін үнемі пара беріп келген 15-тен астам кәсіпкер ұсталған. Олар қазір жауапқа тартылу ұстінде. Тергеу амалдары жүріп жатқандықтан мал дәрігерлерінің қанша қаржы өндіргені айтылмады.
Осы ретте, тамыз айында Ақмола облысы Аршалы ауданының Ольгинка ауылындағы малдарды сою кезінде сібір жарасының салдарын еске сала кетейік. Елдімекеннің 4 тұрғыны қауіпті дертке шалдыққан болатын. Уәкілетті органдар тиісті шаралар қабылдап, аурудың ошақтарын жойды. Десе де, осындай еттің базарлардағы халыққа сатылмайтынына кепіл жоқ.