«Алтын Орда» базарында тағы дау шықты

06.07.2024 00:28

Наразылық білдірушілер құрылысқа деп жиналған 2 миллиардқа жуық қаражаттың ұшты-күйлі жоқ болып кеткенін айтып шағымданды

Almaty.tv

Басы даудан арылмайтын базардан тағы да шу шықты. Наразылық білдірушілер құрылысқа деп жиналған 2 миллиардқа жуық қаражаттың ұшты-күйлі жоқ болып кеткенін айтып шағымданды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Олар заңсыз түрде жиналған қаражатты қайтаруын, ал сырттан салымшыларды қаралауды доғаруын сұрайды. Себебі жақында әлеуметтік желіде сауда орны экс-басшысының әйелі, құрылысы аяқталмай жатқан нысанға ақша құйған салымшылардың тізімде болмай шыққанын айтқан.

«Қазақша сұхбат бергенімде тегімді Гүлайым Сиязбай деп қазақша айтқанмын. Негізі Макашева Гүлайым Сиязбаевнамын. Сондықтан ол кісілер маған жала жауып, жабылып жатыр», – деді салымшы Гүлайым Мақашева.

Ал бұрынғы басшы қазір қамауда. Жаңа өкілдердің сөзінше келтірілген шығынды екінші құрылыс компаниясы мойнына алыпты. Жоспарға сай, құрылыс биыл жыл соңына дейін аяқталады.

«Құрылыс бойынша ешқандай проблема жоқ. Құрылыс өзінің уақытымен жүргізіліп жатыр», – деді базар заңгері Гүлайым Мақашева.

Оқи отырыңыз: Қазақстан мен Қытай қандай келісімшарттарға қол қойды