Осы саяси науқанда халық 730 елді мекеннің жаңа басшысын таңдамақ
25 шілде Қазақстанда ауыл әкімдерінің тікелей сайлауы өтеді. Бүгін саяси науқан алдындағы «тыныштық күні». Соған сәйкес кандидаттар үгіт насихат жұмыстарын толығымен тоқтатты, деп хабарлайды Almaty.tv
Ал ертең таңғы сағат 7:00-де дауыс беру учаскелері ашылады.
Айта кетейік, биыл қазақстандықтар алғаш рет жергілікті атқарушы органдардың басшыларын тікелей сайлау мүмкіндігіне ие болды. Осы саяси науқанда халық 730 елді мекеннің жаңа басшысын таңдамақ. Жалпы елімізде 2346 ауылдық округ әкімі бар екен.