Оған 500-ге жуық жоғары оқу орындарының студенттері қатысты
Бүгін олар 500-ге жуық түрлі жоғары оқу орындары студенттерін жинап, конференция өткізді. Оған ЮНИСЕФ-тен де спикерлер келді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Мамандар бұл шара бір күнмен шектелмейді дейді. Алдағы уақытта бірнеше оқу мекемелеріне бас сұқпақ.
«Жастарға ерте жүктіліктің зияны жайлы айтып түсіндірдік. Жыныстық қатынастағы сақтану жолдарын, аурулар жайлы да талқыладық. Егер де басқа да сұрақтары болса, жастар орталығына келуге болады. Көптеген мәселелер осы конференция да талқыланады», – деді «Салауатты жастар» медициналық орталығының жетекшісі Дина ҚҰСАЙЫНОВА.