Онда 15 жастағы жеткіншек бір адамды пышақтап өлтірген еді
Алатау ауданындағы компьютер клубтардың бірінде қайғылы оқиға орын алса да, өз кәсібін әлі де дөңлетіп отыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Естеріңізде болса осыдан бір апта бұрын «Ақбұлақ» ықшамауданында жаппай төбелес орын алып, 15 жастағы жеткіншек бір адамды пышақтап өлтірген еді. Алатау ауданының тұрғындары қайғылы оқиға орын алғанға дейін бірнеше мәрте шағымданғанымен ешкім құлақ аспады деп отыр.
«Ақбұлақ» ықшамауданындағы қайғылы оқиға орын алған жерде тұрғындардан маза қашан. Есігі бірнеше тұрғын үйдің ауласына қарап тұрған құрылыс нысанында компьютерлік клубтан бөлек, кафе де бар. Ал, тұрғындар түнгі уақытта бұл жерден жүру мүмкін емес дейді.
«Кешке таяу мына жерде шыға алмаймыз. Ұрып, кете ма, соғып кете ме деп қорқамыз. Талай адамдарды ұрып кетті. Тіпті жақында төртінші қабатта тұратын 70 жасар ақсақалды да соққыға жықты», - дейді тұрғындардың бірі.
«Кешке жастар осы ойынға келеді. Көліктерін қалай болса, солай қоя салады. Мына жерде учаскелік полиция бар ма жоқ па өзі? Неге келіп тексермейді? Кеше кісі өлімі болды», - дейді келесі бірі.
Шу шығарған тұрғындар компьютерлік клубтың иесімен тікелей тілдесу үшін ойынханаға баса көктеп кірді. Алайда, ондағы қызметкерлер басшыларына бірнеше мәрте хабарласқанымен таба алмады.