Бүгінде елімізде 289 ұйым волонтерлік қызметпен айналысады

07.01.2020 00:42

«Волонтерлар жылында» еріктілердің қызметіне қолдау көрсетілмек

Ерікті болу еңбек пе әлде ермек пе? Биылғы жыл мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен «Волонтерлар жылы» болып жарияланды. Яғни, еріктілердің қызметіне қолдау көрсетілмек. Қазіргі таңда ел аумағында волонтерлік қызметпен 289 ұйым айналысқанымен, қанша қазақстандықтың ерікті жұмыспен айналысатыны туралы есеп жоқ, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Гүлжан Жүсіпбайқызы алғаш былтырғы Арыс қаласындағы жарылыс кезінде зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсетуге ат салысып, артынша оқиға орнына көмекке барған. Екі күндік сапары кезінде жағдайды өз көзімен көріп, ерекше әсерленіп қайтыпты. Ұлдар жағы құрылысқа араласса, қыздар тамақ дайындап, ас мәзіріне болысқан. Волонтерлық жұмыстың ішінде өзіме мұқтаж жандарға көмектесу, қайырымдылықпен айналысу көбірек ұнайды дейді.

«Қиналып жатқан халыққа өзімнің көмегімді тигізе алғандығыма, екі күннің ішінде ең болмағанда кішігірім қуантуыма септігімді тигізгеніме риза болдым. Волонтерлықтағы ең маған ұнайтын бағыт – мұқтаж жандарға көмектесу., Мысалы осы күнге дейін біз қаншама ардагерлердің үйлеріне барып  оларға бір жағынан серік болып іштеріндегі әңгімелерін тыңдасақ. Екінші жағынан, үйдегі тұрмыстық жағдайларына көмектесіп, аулаларын тазартып беріп жаттық», - деді ерікті Гүлжан ЖҮСІПБАЙҚЫЗЫ.


Еріктілік – жас талғамайтын іс. Кез-келген адам бос уақытында қоғамға пайдасы тиетін жұмыспен айналыса алады дейді Алматы қалалық «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Мәди Ахметов.

«Жастардың арасында емес жалпы қоғамның волонтерлық қызметке егде жастағы, орта жастағы адамдарды, одан бөлек коорпоративтік волонтерлық деген бар. Қызметте, демеушілік қызметте жүрген адамдардың уақыттары болмаса да демеушілік қаражаттары арқылы жақсы істердің бастамашысы бола алады», - деді Алматы қалалық Jas Otan жастар қанатының төрағасы Мәди АХМЕТОВ..

Алматы қаласы бойынша еріктілердің басын қосатын «Алматы волонтирс» деген арнайы сайт жұмыс істейді. Кез-келген ниет білдіруші сол жерге жобаға немесе өзін қызықтырған шараға қатысуға өтініш қалдыра алады. Шаһар еріктілері биылғы жылы кең ауқымды жеті бағыт бойынша жұмыстар атқарады. Сондай-ақ салалық волонтерлықты дамытуда жоспарда тұрған мәселенің бірі екен.

«Алып қарайтын болсақ, әрқайсысының негізгі бағыты бар. Медициналық, арнайы құтқару қызметтеріне дайындайтын, өрт сөндіру қызметтеріне жастарды волонтерлыққа шақыруға болады. Кейіннен барып жануарлар жүйесін, экологияны қорғауға арналған волонтерлар бар. Бізде сол нақыт бағытқа бөлінген волонтерлық орын таппай отыр. Бізде бар, бірақ жалпылама», - деді Алматы қалалық Jas Otan жастар қанатының төрағасы Мәди АХМЕТОВ.

Алматы еріктілерінің осы жылға жоспарлары ауқымды. Волонтерлардың басын біріктіріп штаб құрып, оған қоса мобильді қосымша шығаруда күнтізбеде тұрған шаруа дейді. Көмекке жақын жандар басқа да атқарылатын жұмыстарымен жақын арада бұқаралық ақпарат құралдарымен бөліспек.

Қуан Нұрақын, Нұржан Оразбеков «Алматы» телеарнасы

Теги: еріктілер