Зейнетақы жинағын СҚО тұрғындарының тек 1 пайызы ғана алады

Almaty.tv
Almaty.tv
Салымшылардың мұншалықты аз болуының себебі неде?
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Зейнетақы жинағын Солтүстік Қазақстан облысы тұрғындарының тек 1 пайызы ғана алатын болды. Салымшылардың мұншалықты аз болуының себебі неде? Ал, біз айтқан 1 пайызға кімдер кіреді? Өңірдегі Almaty.tv тілшісі зерттеп көрді.

23 қаңтардан бастап қазақстандықтар зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалануға мүмкіндік алған еді.  Алайда СҚО-да мұндай адамдардың үлесі тек 1 пайыз. Мұндай ақпаратты «Отбасы банкінің» басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова айтқан. Петропавл қаласының тұрғыны Наталья Иванова 30 жылдай тұрақты жұмыс істесе де, керек сомасының 50 пайызы да жиналмады дейді.  

«Осы уақытқа дейін менің зейнетақы шотымда 2 млн теңгедей ақша жиналған. Ал оны пайдалану үшін шотымда кем дегенде 4,5 млн болуы тиіс. Мен оның жартысын да жинамадым», – деді Петропавл қаласының тұрғыны Наталья Иванова.

Ал, Асхат Амангелді – «Kozybaev University» жоғарғы оқу орнының студенті. 19 жасынан бастап бос уақытында жұмыс істейді, қазір жасы 21-де. Сөзінше, 2 жыл ішінде керек соманы жинау мүмкін емес, себебі 20 жастағы жастардың көбі  студенттер дейді.

«Жоқ. 2 жыл ішінде 2 млн-дай ақша жинау, менінше, мүмкін емес. Себебі осы уақыт ішінде ең көп дегенде тек 200-300 мың теңгедей ақша жинауға болады», – деді Петропавл қаласының тұрғыны Асхат Амангелді.

Шекті сомаға қатысты ел пікірі әртүрлі. Керек соманы жинау мүмкін десе, біреулер айлық байланысты деп санайды.

БЛИЦ:

– Егер мен 18 жасымнан бастап жұмыс істесем, онда 22 жасқа дейін мұндай соманы жинау мүмкін болар еді деп ойлаймын.

– 18 жасымда ресми түрде жұмысқа орналастым. Егер алға мақсат қойсаңыз, ақшаны жинауға болады деп санаймын.

– Қазіргі таңда өңірде 11 800 адамның зейнетақы қорындағы жинағы жеткілікті мөлшер асады. Олар бұл ақшаны заңға сәйкес қажеттілігіне жұмсай алады.

«Егер шегінен асатын сомасы болса, онда ол уәкілетті операторға өтініш жазады. Ол да қашықтан Электрондық қолтаңба болуы қажет. Бұл жерде БЖЗҚ міндеті –салымшылардың жинақтарын, қаржы-қаражаттарын, табыстарын бақылау және қызмет көрсету, төлемдерін жүзеге асыру», – деді «БЖЗҚ» АҚ облыстық филиалының бөлім басшысы Ғалия Мұқанова.

Айта кету керек, облыста да 3 уәкілетті оператор жұмыс істеп жатыр. Олар – «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі, «Халық банк» және «Банк центр кредит».

Новости партнеров