Бұған қоса діни ғимараттағы жамағаттың саны 30 адамнан (бір уақытта) аспауы керек
Ағымдағы жылдың 9 маусымында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының еліміздегі мешіттерде жамағатпен намаз оқуға рұқсат етілетіндігі туралы мәлімдемесі жарияланған болатын. Алайда Алматы қаласында Алматы қаласында коронавирус инфекциясынан ауырғандар санының көбеюіне байланысты қала мешіттерінде жамағатпен намаз оқуға шектеу қойылады, деп хабарлайды Almaty.tv. Бұл туралы қаланың бас санитар дәрігері мәлімдеді.
Оны сөзінше, мешіттерде тек жекелей діни рәсімдерді өткізу мен құлшылық жасауға және діни атрибуттарды сату ғана рұқсат етіледі.
Бұған қоса діни ғимараттағы жамағаттың саны 30 адамнан (бір уақытта) аспауы керек. Бұл талаптар ислам дінінен басқа барлық діни бірлестіктерге де қатысты екенін ескертеді.
"Діни ғимараттарға келуші жамағаттан қойылған шектеулерге түсіністікпен қарауды және барлық санитариялық талаптарды сақтауды сұраймыз", - делінген мәлімдемеде.