16-17 тамыз күндері таңғы сағат 9-дан кешкі сағат 19.00-ге дейін жүреді
Биыл 16-17 тамыз күндері Алматы қаласында азаматтар үшін арнайы құрылған полицияның қабылдау пунктері өз жұмыстарын бастайды. «Жолда қабылдаудың» 3 пункті және «Аула ішінде қабылдаудың» 16 пункті өздерінің жұмыстарын таңғы сағат 9-дан кешкі сағат 19.00-ге дейін жүргізеді. Акциялардың өткізілуіне полицейлер, қоғам өкілдері, полицияның консультациялық-кеңес органдары мүшелері мен қоғамдық пікір белсенділері қатысады, деп хабарлайды Алматы қаласы Полиция Департаметінің баспасөз қызметі.
«Біздің мақсат – осындай акциялар арқылы полицияның қызметін барынша ашық ету, қазақстандықтарға неғұрлым жақын болу. Жолда қабылдау - бұл мобильді алаң, жұртшылықпен байланыс орнату түрі, сол арқылы азаматтар полиция саласындағы көкейтесті сұрақтарын қойып, дер кезінде жауап немесе мамандардың кеңесін ала алады», – деп айтып өтті Алматы қ. Полиция Департаметінің Әкімшілік полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Жандос МҰРАТӘЛИЕВ.
Полицияға келіп түсетін арыздар мен үндеулерді саралау арқылы бүгін әкімшілік полиция, жергілікті полиция мен көші-қон полиция құрылымдары басшылықтары мен қызметкерлерінен топ құрылып, халыққа мемлекеттік қызметтердің көрсетілуіне қатысты барлық мәселелер қаралады.
«Акция тұрақты жобаға айналды: жыл басынан бері осымен бесінші рет өткізілмек. «Жолда қабылдау» акциясы әр өткізген сайын түрлене түсуде және жұртшылыққа көп пайдасын тигізеді, себебі, оған қатысатын адамдардың саны артып келеді, өткізілетін орындардың ауқымы да кеңее түсті, қазір акция аулалардың ішінде де өткізілетін болды. Бұған дейінгі акция барысында полицейлердің көмегіне 900-ден астам адам жүгінді, қойылған сұрақтардың үлкен бөлігін жол қозғалысы қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, сондай-ақ, көші-қон заңнамасына қатысты сұрақтар құрады», - деді полковник МҰРАТӘЛИЕВ.
Бүгінде осы мақсатта 8-747-080-01-56 жедел желі телефоны жұмыс жасауда.
Акция өтетін жерлер:
1. №1 Мамандандырылған ХҚКО аумағы (Алматы қаласы, Саялы ықш., Ақ-қайнар к-сі 1 үй, Алатау ауданы)
2. №2 Мамандандырылған ХҚКО аумағы (Алматы қаласы, Майлин к-сі, 85 үй, Түрксіб ауданы)
3. №3 Мамандандырылған ХҚКО аумағы (Алматы қаласы, Серіков к-сі, 6 үй, Жетісу ауданы).
Алматы қаласының 8 ауданы бойынша «Аула ішінде қабылдау» орындары:
Алатау ауданы
Алғабас ықш. №182 орта мектебі, 16 тамыз;
Ақкент ықш. №181 орта мектебі, 17 тамыз.
Алмалы ауданы
Гайдар к-сі, 56 үй, 16 тамыз;
Қазыбек би к-сі 177 үй, 17 тамыз.
Әуезов ауданы
Жетысу-4 ықш., 16 үй, 16 тамыз;
8 ықш, 3 үй, 17 тамыз.
Бостандық ауданы
«Арай» ТК, 16 тамыз;
Навои к-сі, 296 үй», 17 тамыз.
Жетісу ауданы
Райымбек даңғылы, 247 үй, 16 тамыз;
Айнабұлақ ықш., 89 үй, 17 тамыз
Медеу ауданы
Жібек жолы к-сі, 54 үй, 16 тамыз;
Думан-2 ықш, 10 үй, 17 тамыз.
Наурызбай ауданы
Тау самалы ықш, Сағдиев к-сі, 50 үй, 16 тамыз;
Тау самалы ықш., Рысқұлов к-сі,129 үй, 17 тамыз.
Түрксіб ауданы
Ғанибет көшесі, 27 б үй, 16 тамыз;
Бекмаханов көшесі, 2/6 үй, 17 тамыз.