Премьер-министр облыста жүзеге асқан инвестициялық жобалармен танысып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде кеңес өткізді
Үкімет басшысы Асқар Мамин Солтүстік Қазақстанға жұмыс сапарымен келді. Премьер-министр облыста жүзеге асқан инвестициялық жобалармен танысып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде кеңес өткізді. Кездесу барысында тағы қандай мәселелер талқыланды? Толығырақ Almaty.tv тілшісінің бейнематериалында.
Асқар Мамин алдымен «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймақта электр техникасын өндіретін жаңа зауыттың құрылысмен, содан соң өңірдегі фанера жасайтын мекеменің жұмысымен танысты. Бүгінде кәсіпорын 150 адамды жұмыспен қамтып отыр. Жобалық қуаттылығы – жылына 27 мың текше метр өнім. Содан соң үкімет басшысы «Петропавл ауыр машина жасау» зауытына ат басын бұрды. Нысан аумағында тез бұзылатын азық-түлік өнімдерін тасымалдауға арналған термос вагондарын құрастыратын жаңа өндіріс орны ашылған.
«Инвестиция көлемі 13 миллиардтан асады, қазір қаржыландыру мәселесі пысықталуда. Мұнда үлкен кешен болады. Жылына шамамен 1200 выгон құрастыратын боламыз. 50-ге жуық жұмыс орны болады, үлкен бизнес ашылуда. Біз қазірдің өзінде Қазақстандағы үшінші вагон жасаушы компаниямыз. Біз тек термос, рефлежераторларды шығарамыз», – деді зауыт бас директорының бірінші орынбасары Ахан Кәрімов.
Үкімет басшысы Петропавл қаласының «Шығыс» шағын ауданында JCI халықаралық стандарттары бойынша 510 төсек орнына арналған көпбейінді облыстық аурухана құрылысының барысын да тексерді. Жобаны 2022 жылдың соңына қарай мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында түрік инвесторы жүзеге асырмақ.
«Аурухана онкологиялық науқастарға арналған позициялық-миссиялық томография, аралас комбинацияларды енгізу сияқты инновациялық технологияларды енгізуді көздейді. Бұл бұған дейін тек Астана, Алматы қалаларында және шетелдегі ірі орталықтарда ғана жүргізілген операциялар еді», – деді көпбейінді аурухана бас дәрігерінің міндетін атқарушы Асхат Молжігітов.
Соңғы нысан – Қызылжар ауданының Чапаево «Қызылжар Сүт» компаниясының жаңа цифрландырылған сүт-тауар фермасы.
Айта кету керек, өңірде осындай заманауи нысандардың саны артып келеді. Бұл тәжирибе басқа өңірлерге де таратылмақ. Сапар қорытындысы бойынша Асқар Мамин Солтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы және алдағы кезеңнің перспективалары жөнінде арнайы кеңес өткізді.