Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің орынбасары Болат Тілепов мәлімдеді
«Рухани жаңғыру» бағдарлама аясында биыл 228 нысан бой көтерген. Олардың қатарында 2 білім ошағы, 2 балабақша, 19 мәдениет және 36 спорт нысаны, 31 балалар алаңы бар. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің орынбасары Болат Тілепов мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Бағдарламаны іске асырудың 3 жылында осындай 12 мың меценат азаматтарымыздың демеушілігімен 270 миллиард теңгенің жұмысы атқарылды. Оның ішінде 2600-ден астам түрлі әлеуметтік маңызы бар нысан салынып, 2142 нысан қайта жөндеуден өтті. Биылғы қиындықтарға қарамастан, 2131 демеуші азаматтардың арқасында еліміздің әр аймағында 228 нысан салынды», – деді ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің орынбасары Болат Тілепов.