Алматыда Медеу ауданының көпбалалы аналары мен мүгедектер қоғамы қаланы көгалдандыруға үлес қосуда. Олар осылайша «Жасыл мекен» қалалық акциясын жалғастырды, – деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Игі шара аясында Жібек Жолы, Мақатаев, Зенков көшелерінің бойына 40-тан астам шаған ағашын отырғызды. Жалпы ауданда көктемгі ағаш отырғызу науқанында 3500 көшет егілген.
«Жалпы, барлығы 40 шақты ана жиналдық. Осылайша біз сүйікті қаламыз Алматыны көгалдандыруға өз үлесімізді қосайық дедік. Талдарды отырғызып қоя салмай, әрдайым хабар алып отырмақпыз. Қолымыздан келгенше су құйып кетерміз», – дейді Алматы қаласы «Бақытты отбасы» орталығының Медеу ауданы бойынша жетекшісі Аида БҰҚАЕВА.