Бұл дерек бойынша қазір тексеріс жүріп жатыр
Әлеуметтік желіге тараған бейнежазбадан елорда тұрғыны мен полицейдің жанжалын көруге болады. Түсірілген бейнеге назар салсақ, азамат пен тәртіп сақшысының ерегесін көруге болады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Фуражкасыз, жетонсыз сақшы жүргізушіге тап беріп, бейбіт тұрғынға «ұрлап жатқан шығрарсың» деген сынды ауыр сөздерді еш дәлелсіз айтады.
Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті оқиғаның мән-жайын түсіндіріп берді, Тексеріс кезінде фургоннан, шамамен, 25 жастағы жігіт шығып, қызметкерлердің әрекетіне көңілі толмай, сол жайтты смартфонға түсіре бастапты. Бұл дерек бойынша қазір тексеріс жүріп жатыр.