Темірхан Мыңайдарұлы сондай-ақ Астана қаласының әкімі, Мәжіліс депутаты, Президенттің іс басқарушысы, Ұлттық Олимпиада комитетінің басшысы қызметтерін атқарды
Темірхан Досмұхамбетов 73 жасқа қараған шағында дүниеден өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik.kz-ке сілтеме жасап.
Темірхан Мыңайдарұлы Туризм және спорт министрі, Астана қаласының әкімі, Мәжіліс депутаты, Президенттің іс басқарушысы, Ұлттық Олимпиада комитетінің басшысы қызметтерін атқарды.
Педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор.
Темірхан Досмұхамбетов кейінірек «Байсерке-Агро» агрохолдингін басқарды.
1949 жылы 8 наурызда Қостанай облысында дүниеге келген.
ІІ дәрежелі «Барыс» орденінің, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағының, мерейтойлық медальдардың, Халықтар достығы орденінің иегері.