Байланыс аясынан тыс ауыл: тұрғындар қоңырау шалу үшін көрші ауылға баруға мәжбүр

07.03.2024 01:42

Байланыс пен интернет – Жүнісбай Қайыповтағы 3 мыңнан астам халыққа ортақ өзекті мәселе

Almaty.tv

«Байланыс аясында болғымыз келед». Алматы облысындағы тұрғындардың айтуынша, ауылда жай қоңырау шалудың өзі қиын, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі. 

Халық біреуге хабарласу үшін қораның үстіне немесе үйдің шатырына шығуға мәжбүр. міну керек. Ал оған шамасы келмегендер өріске немесе іргедегі көршілес елдімекенге қарай сандалады.

– Келінімнің толғағы келгенде трассаға шығып, жедел жәрдем шақырдық. Мына тұрған іргелес Қазақстан ауылында интернет жақсы ұстап тұр. Жолдың арғы жағына өтсе ұстайды, бер жағына өтсең ұстамайды. Сонда біз жетім баламыз ба? – деді Ж. Қайыпов ауылының тұрғыны Мәкен Жылқыбай.

Байланыс пен интернет – Жүнісбай Қайыповтағы 3 мыңнан астам халыққа ортақ өзекті мәселе. Ғаламторда отыру былай тұрсын, ел өрт шықса құтқару қызметіне, ауырса, жедел жәрдемге уақытында хабар бере алмайды.

– Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев қыркүйекте ауылға интернет қойылады деген. Бес ай өтті. Халыққа қаншама әкім келіп сөйлесті. Оның алдында Қанат Бозымбаев та келген. Ол да солай айтқан. Құры құрғақ уәдемен алдап келе жатыр, – деді Ж. Қайыпов ауылының тұрғыны Әділбек Көпшілбаев.

– Ауылда адамдар ауырады, түрлі жағдай болады. Хабар беру үшін қора-қораның үстінде, терезенің маңында, үйдің төбесінде жүреміз. Мұғалімдер «оқушыларды онлайн оқыттық» дейді. Оның бәрі өтірік. Себебі балаңның қайда жүргенін білу үшін хабарласайын десең таба алмайсың, – деді Ж. Қайыпов ауылының тұрғыны Нұрәлі Рахымжанов.

Бірақ кейде бұл амал да іске аспай қалатын көрінеді. Ондай кезде жұрт іргедегі ауылға жүгіреді. Бір қызығы, елдімекенге жауапты әкімдік сонда орналасқан. Мәселесі өзегіне түскен халықты тыңдауға олар да келді.

– Бұл жерде базалық стансаның қуаттылығына байланысты. Ондай станса Қазақстан, Ащыбұлақ ауылында бар, Ж. Қайыпов ауылында жоқ. Ауданда 70-тен аса елдімекен бар. Соның 50-і биыл желілік интернетпен қамтылады, – деді Қазақстан ауылдық округі әкімдігінің бас маманы Саят Әлдібеков.

Әкімдіктегілердің жыл соңына дейін ауыл интернетпен қамтылатынын айтты.

Оразай Нұртайұлы, Ялкунжан Әшімжан, «Алматы» телеарнасы

Оөи отырыңыз: Аурудан көз ашпаймыз: тұрғындар орталық кәріз жүйесіне қосылған зауыт жұмысына наразы