Алматы облысында «Өмір бұлақ» стелассы ашылды

02.10.2019 01:12

Сөзінше, жары екеуі алғаш осы бұлақ басында танысыпты.

Алматы облысы Ескелді ауданында меценаттың қолдауымен «Өмір бұлақ» стелассы ашылды. Аудандағы табиғи қайнарға өткен жолаушы да, отау құрып жатқан жұптар да көптеп келеді екен. Енді мұнда махаббат ескерткіші де тұрғызылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Кәсіпкердің оны дәл осы жерге орнатылуының өз сыры бар дейді. Сөзінше, жары екеуі алғаш осы бұлақ басында танысыпты. Міне бүгінде жарты ғасырдан бері жұптары жазылмай, бір шаңырақ астында баянды ғұмыр кешіп келеді. Меценат тасмүсін мәңгілік махаббаттың символы ретінде осында келіп, бұлақтың суынан дәм татқан жас жұбайлардың да махаббаттарының мөлдір болуына ықпал етіп, біздің жолымызды берсін деген тілегін білдірді деген пікірде.