Алматы қаласының әкімдігі қала тұрғындарымен мен қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтайды!
Алматыда қала әкімдігінің ұйымдастыруымен Конституция күніне орай мерекелік концерт өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Алматы қаласының әкімдігі қала тұрғындарымен мен қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтайды!
Мерекеге орай Республика сарайы алдындағы Абай алаңында қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен мерекелік концерт өтеді.
Концертте сіздердің сүйікті әртістеріңіз: "МузАрт" тобы, Төреғали Төреали, Карина Абдуллина, "Orda" тобы, Әлішер Кәрімов, Мөлдір Әуелбекова, Dinaya, Нұрсұлтан Нұрбердиев, Рано Умарова, "Tengri" тобы ән шырқайды" делінген хабарламада.
Мерекелік концерт 30 тамыз, сағат 20:00-де Абай алаңында өтеді.