Алматы облысында кәсіпкер 50 жылдан астам тарихы бар ескі мектепті өз қаражатына жаңартып берді

03.09.2019 01:19

Мектеп 55 жылдан бері бірде-бір рет күрделі жөндеу көрмеген

Отбасымен бірге шалғайдағы мектепке күрделі жөндеу жұмысын  жасаған азамат бұл әрекетін  Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың рухани жаңғыру бағдарламасын іске асырудағы әрекеттерінің бірі деп санайды. «Туған жерге туыңды тік» жобасы аясында жағарған мектептен бөлек ауыл тұрғындарына су арнасында тартып берді.Облыс орталығынан алыс ауылда қараусыз қалған білім ошағының жанында спорт кешені де салынбақ, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Арай Серікқазықызының төрт баласы да осы Ақсу ауылындағы Мамания метебінде білім алады. Екі ересегі оқушы болса, кішілері осы мектептің балабақшасында. Балалардың білімінен  бұрын  ауырмауын ойлап, сабаққа жиі жібермейтін кездер көп еді дейді ауыл тұрғыны. Жағдай жасалмады деп өзге ауылдастары сияқты көшіп кетпеген көп балалы ана енді міне  оқу ошағының жаңарғанына дән риза.  

«Мектебіміз суық болатын. Мектебіміздің терезесінен жел соғып тұратын. Жел үрлегені соншалықты мына  мектебіміздің ленолині желп-желп етіп көтеріліп тұратын. Қыс кезінде әсіресе балаларымыз бас киімдермен отыратын. Мектеп формасын сақтамайтын да кездеріміз болатын. Жаңбыр жауғанда  мектебімізідң төбесінен, шатырдан су ағатын. Қазір су ақпайтын болды. Ризамыз», – деді Арай СЕРІКҚЫЗЫ.

55 жылдан  бері бірде бір рет күрделі жөндеу көрмеген Мамания мектебінің күйін көрген кәсіпкер Молдияр Нұрбаев балаларға жағдай жасауды басты азаматтық міндетім деп санадым дейді. Жеке кәсіпкердің қолдауымен  қаражат бөлініп, құрылыс материалдарын жолдың нашарлығына қарамай Алматыдан тасыған. Мектептің қасбеті, шатыры, едені,  терезелері, жылуы сынды шығынды көп қажет қылатын негізгі  бөлшектері бүгінде толық ауысты. Туған жерге көмек қолын созған қайырымды жан мектептің шаруаларын шешу үшін су жаңа көлікте алып берді. Замануи білім алсын деген ниетпен оқушыларға он компьтер, интерактивті тақта сынды оқуға қажетті құралдармен қамтамасыз етті. Ал  ұстаздарға бірнеше нотбук  беріп, әкімшілік отыратын кабиетті жихазымен қоса жаңалады.  

«Молдияр ағамыз ізгі ниетпен жасап мектепке күш салып, бүкіл 167 терезесін ауыстырды. Жылу жүйесін ауыстырды. Шатырын ауыстырып, осы асфальтті салдырды. Өстіп міне бізге қолданысқа өткізіп берді», – деді Алматы облысы Ақсу ауданының әкімі Есім БАЗАРХАНОВ.  

Мектептің мүшкіл халін көріп, қарап тұра алмаған Молдияр Нұрбаев бұл әрекетін Елбасының тапсырмасын орындап, туған елге жанашырлық  танытудағы атқарған шаруаның тек бірі ғана деп санайды. Алаш арыстарының ізі қалған көне оқу орнының бүгінгі жастары да өнер білімдерін көрсетіп, ел ағалары, ұстаздарының ұмітін ақтайтындарын білдірді. Ал кіндік қаны тамған ауылын ұмытпаған жомарт жанды  билік арнайы төсбелгімен марапаттады.

«Енді міне спорт зал бар. Күн суығанша төбесі 500 шарты метр екен. Суық төбесі, соны айырбастап берем. 600 орындық мектеп еді, мен оқығанда  мыңнан артық бала болатын. Суын тартып бердім, Ауыл  көркейсе, халық оянатын шығар, көшіп келетін шығар. Мектептің директоры балабақшаға да көмектесіңіз деп айтып отыр», – деді кәсіпкер Молдияр НҰРБАЕВ. 

 

Елге жаны ашитын әрбір азамат отанның дамуына еңбек етуі керек деп санайтын азамат алдағы уақытта мектептің жанынан  спорт комплекісін салуды  жоспарлаған. Бұдан бөлек 300-ден аса бала білім алып жатқан  мектептің  айналасын  көгалдандырып бермек. Бұның бәрі келер жылдың жоспары болса, бір айдан кейін аудан  орталығында алаштың ардақтысы  азаматы  Ілияс  Жансүгіровтың ескерткішін ашпақ. Ақсу аудандығы 41 мектептің  11-і ескі,  осындай жомарт жандардың көмегіне мұқтажы  екенін ескерсек, бұл өзгеде кәсіпкерлерге үлгі болмақ дейді өңір басшылары.  

Әмірболат Құсайынұлы, Ескендір Тоғысбаев «Алматы» телеарнасы