Алматыға санавиациямен жеткізілген арыстық келіншекке екінші ота жасалды

Алматыға санавиациямен жеткізілген арыстық келіншекке екінші ота жасалды
Ал, кеңірдегіне зақым келген екінші науқастың жағдайы әлі де ауыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Арыста болған жарылыс салдарынан ауыр халде Алматыға жеткізілген науқасқа осымен екінші рет ота жасалды. Ол жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Науқас бүгінде №4 қалалық клиникалық ауруханада ем қабылдап жатыр. Дегенмен толық қалыпқа келу үшін әлі де біраз уақыт керек дейді дәрігерлер. Келіншек ауруханаға жеткізілгенде ортан жілігі сынып, терісі мен бұлшық еттеріне айтарлықтай зақым келген.

«Бүгін оперативтік емнің тағы бір кезеңі өткізілді. Тері алды термопластика жаралары тері деффект жерлерімен жабылды. Қазір науқастың жағдайы тұрақты. Операциядан кейін палатаға ауыстырылды. Алда  әлі бірнеше опертивтік ем жоспарлануда», – дейді Алматы қаласы № 4 қалалық клиникалық ауруханасы қосарланған жарақат бөлімінің меңгерушісі Дәурен ТҮСІПОВ.

Ал, кеңірдегіне зақым келген №7 қалалық клиникалық ауруханадағы екінші науқастың жағдайы әлі де ауыр. Оған қаладағы №7, №1 және орталық қалалық клиникалық аурухана дәрігерлері ем көрсетіп жатыр. Оның ішінде нейрохирург, травматолог, офтальмолог, бет-жақ сүйектері хирургі, лор және реаниматолог сынды дәрігерлер бар.

Новости партнеров