Олардағы жазба Бас прокуратура ғимаратында көрсетіледі және сонда сақталады
Еліміздегі түзету мекемелерінде 100 пайыз бейнебақылау камералары жұмыс істейді. Мұндай мәлімет Адам құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің Алматы қалалық өкілдігі ұйымдастырған жиында айтылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің мамандары, қалалық полиция департаментінің өкілдері мен мәслихат депутаттары қатысты. Сондай-ақ жазасын өтеп жатқандардың медициналық сақтандыруы мен әлеуметтік салаға қатысты сұрақтар қозғалды. Оларға көрсетілетін қысым, қорлау мен азаптау фактілері де сөз болды.
– Бүгінде түзету мекемелерінде жазасын өтеп жатқандармен психолог мамандар, адам құқықтарын қорғау жөніндегі ресми өкілдер тығыз жұмыс істейді. Олармен жеке кеңес өткізіліп, сауалнама жүргізіледі. Сондай-ақ түзету мекемелерінің ішінде шағымдар мен ұсыныстарды қабылдайтын арнайы орындар бар. Сотталушылар оны анонимді түрде өткізе алады. Ал орнатылған бейнебақылау камераларының жазбасы б\Бас прокуратура ғимаратында көрсетіледі және сонда сақталады, – деді Алматы қаласы, Алматы және жетісу облыстары бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бастығының орынбасары Руслан Габибов.
Оқи отырыңыздар: Түрмеден кейінгі тіршілік: жазасын өтеген азаматарға қолдау бар ма