СҚО-да Түркияда зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жиналып жатыр

Almaty.tv
Almaty.tv
Арнайы бірыңғай есепшот та ашылған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Түркиядағы жер сілкінісіне бей-жай қарамаған қазақстандықтар бауырлас елге гуманитарлық көмек көрсетіп жатыр. Солтүстіктегі ағайын екі күннің ішінде қысқы киім-кешек, жеке гигиена құралдары мен алғашқы көмекке қажетті заттарды жинаған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сондай-ақ арнайы бірыңғай есепшот та ашылған.

«300-400 килограммдай жылы киім, зат жинадық. Күртеше, шұлық, жылы шалбар, көрпе сияқты заттар бар. Ертеңге дейін жинаймыз. Содан кейін Астанаға жіберіп, Астанадан Түркияға ұшақ арқылы жөнелтеміз», – деді ерікті Якуб Латипов.

«Түркия Республикасы елшілігі тарапынан көмектесу мақсатында ашылған есепшотқа 8 ақпаннан бері 110 мың доллар ақша жиналды. Бұл жиналған ақша Қазақстан арнайы бөлген 1 млн доллармен бірге Түркиядағы негізгі есепшотқа жіберілді. Көмек жинау жалғасып жатыр», – деді Түркия елшілігінің Қазақстандағы баспасөз қызметінің кеңесшісі Махмұд Байрам.

Новости партнеров