Арнайы бірыңғай есепшот та ашылған
Түркиядағы жер сілкінісіне бей-жай қарамаған қазақстандықтар бауырлас елге гуманитарлық көмек көрсетіп жатыр. Солтүстіктегі ағайын екі күннің ішінде қысқы киім-кешек, жеке гигиена құралдары мен алғашқы көмекке қажетті заттарды жинаған, деп хабарлайды Almaty.tv.
Сондай-ақ арнайы бірыңғай есепшот та ашылған.
«300-400 килограммдай жылы киім, зат жинадық. Күртеше, шұлық, жылы шалбар, көрпе сияқты заттар бар. Ертеңге дейін жинаймыз. Содан кейін Астанаға жіберіп, Астанадан Түркияға ұшақ арқылы жөнелтеміз», – деді ерікті Якуб Латипов.
«Түркия Республикасы елшілігі тарапынан көмектесу мақсатында ашылған есепшотқа 8 ақпаннан бері 110 мың доллар ақша жиналды. Бұл жиналған ақша Қазақстан арнайы бөлген 1 млн доллармен бірге Түркиядағы негізгі есепшотқа жіберілді. Көмек жинау жалғасып жатыр», – деді Түркия елшілігінің Қазақстандағы баспасөз қызметінің кеңесшісі Махмұд Байрам.