Алматыда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай жиын өтті

04.12.2021 01:30

Шара соңында қатысушылар қала әкімі мен департамент басшысының атынан алғыс хаттармен марапатталды

Almaty.tv

Алматыда Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай конференция өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Шара Алматы қаласы әкімдігінің, қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі, «Нұр Отан» партиясы, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдар мен қоғам белсенділерінің қатысуымен өтті.  

«Былтырмен салыстырғанда биыл үлкен нәтижелер бар. Себебі қоғам болып кіріскеннен кейін нәтиже болып отыр», – деді қоғамдық кеңес мүшесі Нұрлан Жазылбеков.

Әділдік мәдениеттің қалыптасуында қоғам белсенділерінің рөлі зор. Сол себепті шара соңында біршама қатысушылар қала әкімі мен департамент басшысының атынан алғыс хаттармен марапатталды.

«Саналы ұрпақ» жобалық кеңсесі 2018 жылдан бастап жұмыс істеп келе жатыр. Жобалық кеңсенің басты мақсаты – білім беру жүйесінде сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, сана-сезімді, парасаттылық қағидаларын қалыптастыру», – деді «Саналы ұрпақ» жобалық кеңсесінің үйлестірушісі Қарлығаш Үсейінова.