Бақытжан Сағынтаев «Жас қанат» шағынауданы тұрғындарымен кездесті

02.07.2019 01:35

Мұнда 280 балаға шақталған балабақша құрылысының 85 пайызы аяқталған

Бүгін Алматы қаласының әкімі ретінде алғашқы жұмыс күніне кіріскен Бақытжан Сағынтаев «Жас қанат» шағынауданы тұрғындардың шағымын тыңдады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Шаһар басшысы аталған кешеннің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, аулаларды абаттандыру, балалар алаңын жасау және жолдар мәселесі бойынша, аудан әкімі Павел Кулагинге бірқатар тапсырмалар берді. Сондай-ақ, ол осы аудандағы жаңадан салынып жатқан балабақша құрылысымен танысты.

«Балабақша 280 балаға шақталған. Бұл бөбекжайдың ерекшелігі – мұнда әр түрлі 14 топқа арналған жеке блок беріледі. Яғни, әр топтың өз бөлмесі, әжетханасы, түрлі секциялары мен ойын бөлмелері бар», – деді мердігер компанияның коммерциялық директоры Рүстем ҚАБДОЛДИН.

Мердігер компания өкілдерінің айтуынша, бірегей балабақшаның сейсмоқауіпсіздігі жоғары. Өткен жылдың сәуір айында басталған балабақша құрылысы осы жылдың тамыз айында аяқталуы тиіс. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстарының 85 пайызы аяқталған. Қала әкімі балабақшаны мерзімінен кешіктірмей өткізуді міндеттеді.