Алматыда порностудия әшкереленді

24.09.2019 17:19

Студияда табылған ойыншықтар қылмысқа кәмелетке толмағандар да тартылған деген күдік ұялатады

Фото пресс-службы ДП

Вируталды интим қызметімен айналысқандар Медеу ауданындағы пәтерлердің бірін жалға алып, жұмыс істеген. Жеңіл жүрісті бойжеткендер компьютердің веб-камерасы арқылы АҚШ пен Еуропа сайттарының қолданушыларына жалаңаш тәнін ақшаға көрсетіп отырған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Қылмыс орнында виртуалды интим қызметін ұсынған қыздар мен Қырғызстаннан келген бағдарлама жасаушы ұсталды. Көрші ел азаматы техникалық қолдау көрсетіпті.

 Сонымен қатар, тінту барысында процессор мен көп мөлшерде қызмет көрсету атрибутикасы тәркіленген. Ал студияда табылған балалар ойыншықтары қылмыстық бизнеске кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдер де тартылған деген күдік ұялатады. Полицейлердің айтуынша бұл – Қазақстанда әшкереленген алғашқы порностудия.