Алматы қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы мейрам қарсаңында қайырымдылық іс-шарасын ұйымдастырды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Ассамблея өкілдері «Аяла» әлеуметтік қызмет орталығында арнайы көмек алушы отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі балаларға сыйлықтар таратып, жаңажылдық лепті сезіндірді.
«Мейрам қарсаңында оларға шаттық пен бақытты сәт сыйлағымыз келді. Жаңажылдық көңіл күйді сезіндіру арқылы болашаққа сенім мен үмітін оятамыз», – дейді қалалық маслихат депутаты Асқар Бискультанов.