Жерді шетелдіктерге сатуға және жалға беруге біржола тыйым салуды көздейтін заң жобасы Мәжіліске жолданды

13.03.2021 02:20

Парламент оны белгіленген регламентке сәйкес қарастырып, тиісті шешім қабылдайды

Ақорда

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдіктерге жерді сатуға, жалдауға біржола тыйым салуды көздейтін заң жобасын Мәжіліске жолдады, деп хабарлайды Almaty.tv

«Бүгін мен өзімнің Президент ретінде заң шығаруға бастамашылық ету құқығымды пайдаланып, жерді шетелдіктерге сатуға және жалға беруге біржола тыйым салуды көздейтін заң жобасын Мәжіліске жолдадым. Парламент оны белгіленген регламентке сәйкес қарастырып, тиісті шешім қабылдайды», – деп жазды Мемлекет басшысы Twitter-де.