Тараздық тұрғындар сақалды құрылыстың салдарынан балаларын үйден шығаруға қорқып отыр

19.11.2020 02:22

Көпқабатты 4 тұрғын үйдің ортасында салынып жатқан футбол алаңы екі жарым жылдан бері қараусыз қалған

Almaty.tv

Тараздық тұрғындар сақалды құрылыстың салдарынан балаларын үйден шығаруға қорқып отыр. Айтуынша, Көпқабатты 4 тұрғын үйдің ортасында салынып жатқан футбол алаңы екі жарым жылдан бері қараусыз қалған. Салдарынан қабырғалары құлап қарашаға қауіп төндіруде, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.  

Оқиға болған жерден:

– Мына жерде қаншама ағаш болды, бәрін қырып тастады.

– Қорықпайтындай не қалды, 3 жыл болды тұрғанына, бұл біте ме, бітпей ме?

Құрылысы тоқтап қаңсырап тұрған мына алаңның мұнда пайда болғанына 3 жылға жуықтапты.  Алғашқыда халық үшін деп басталған жоба кейін кәсіптік нысанда екені анық болған. Енді тұрғындар балаларын ойнатар орын таппай дал.

«Басында бұл жерде әп-әдемі талдар өсіп тұрған еді. Ол талдардың бәрін жойып алып тастады. Әдемі тегін балаларға алаң болады деді. Әрі спорттық алаң, жартысы балалр алаңы болады деп бізге сөйтіп уәде берген. Біз 2-3 үй тұрғындары соған қуандық.  Қуанышымыз ұзаққа барған жоқ», – деді қала тұрғыны Қалдыкүл Досжанова.  

Мақсаты бөлек ойын алаңының құрылысы қазір тек жан-жағына қауіп төндіріп тұр. Салдарынан мұндағы халық алаңдаумен өмір сүруге мәжбүр. Себебі дәнекері дәрменсіз қабырғалар құлап, қалғаны соған шақ тұр.

Блиц:

–  Істегеннен бастап құлап жатыр. 2,5 жылда осының бәрі құлап бітті. Әлі құлап жатыр, әлі құлайтындары тұр. Әшейін өтірік сварка жасап кеткен. Мына орынды алу үшін.

– Балдардан қорқамыз. Біз бәріміз бала-шағаны өзіміз алып шықпасақ, қорқынышты мына жер. Басына құласа, тек баланы емес,  үлкен адамды өлтіреді ғой. Қайда ойнатарымызды да білмейміз.

Әкімдіктің мәліметінше,  аталған жерді сол тұстағы әкім шешімімен, «Балалар футболын дамыту» қоғамдық қорына берілген көрінеді. Бастапқыда бірнеше жыл ішінде салынуы тиіс болған нысан, кейін салыну уақыты белгісіз себептермен 10 жылға ұзартылған. Енді бөлім ешқандай әрекетке қауқарсызбыз деп отыр.

«Аталған жердің қазіргі уақытта 6 жыл мерзімі өтті. Енді ол жердің мерзімі біткенге дейін 2024 жылға шейін мақсатты пайдаланбаса, құрылыс жүрмесе, ол жер мемлекет меншігіне қайтарылады.  Ары қарай мерзімі ұзартылмайды», – деді қалалық Жер қатынастары бөлімінің басшысы Біржан Башанов.

Тұрғындар жеңіл конструкциялы алаңға жергілікті билік неге 10 жыл уақыт бергенін түсіне алмайды? Бөлім мамандарының да бұл сұраққа мардымды жауабы жоқ. Себебі қазіргі меншік иесі бәрін заң аясында жасаған. Сондықтан алдағы 4 жыл бойы көпқабатты 4 үйдің тұрғындары балаларын ойнатар жер таппай, қауіппен күн көруге мәжбүр болып отыр.

Мерей Бает, Шыңғысхан Кеңесхан, «Алматы» арнасы, Тараздан