Алматылықтар халықаралық алма күнін атап өтті

21.10.2023 01:55

Ұйымдастырушылар көпшілікке алмадан жасалған түрлі дәм ұсынды

Almaty.tv

Дүниежүзілік аспаз күні мен халықаралық алма күнін бүгін шипажай жұрты атап өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қос мерекені ұштастырған ұйымдастырушылар келген көпшілікке алмадан жасалған түрлі дәм ұсынып, дастархан жайды. Іс-шараға эстрада жұлдыздары да қатысып, мерекелік жиынның көркін қыздырды.

– Ұзындығы 100 метрдей штрудель әзірледік.  Алма күні болғандықтан, түрлі тағам жасадық, – деді бас аспаз Алмас Осипов.

Аспаздардың алуан түрлі қиялынан туған тағамдардан бөлек, демалушыларға шығармашылық бұйым ұсынылды. Ұлттық нақыштағы киім мен киізден жасалған әртүрлі туындыны тамашалаған жұрт іс-шараның дістүрге айналғанын қалайды.

– Алматының алмаларынан жасалған мәзірді демалушыларға, қарапайым қонақтарға ұсынайын деп жатырмыз. Болашақта мәдени іс-шараларды жалғастырамыз, – деді сауықтыру кешенінің президенті Яков Стерликов.

Оқи отырыңыз: Жаңа Қазақстан: Алматыда жалпықалалық сенбілік өтеді