Ол үшін бюджеттен 8 миллиардтан астам теңге бөлінеді деп жоспарлануда
Ол туралы бүгін статистика комитетінің төрағасы Нұрболат Айдапкелов мәлімдеді. Оның айтуынша, маусым айының 1- 30 аралығында интервьюерлер тұрғындардың нақты санын анықтау мақсатында тұрғын үйлер мен үй-жайларды, әрбір елді мекенді аралап шығады. Шараны өткізу кезінде 32 мыңнан астам адамды жұмысқа тарту көзделген, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
«Қазан айының 1-15 аралығында, яғни тікелей халық санағының алғашқы 15 күнінде интернет-сауалнама жүргізіледі. Интернет-сауалнамада респонденттер өзіне және отбасы мүшелері үшін интернет желісі арқылы sanaq.gov.kz арнайы сайтында санақ парақтарын өз бетінше толтырады. Интернет-сауалнамамен қатар 1-30 қазан аралығында интервьюерлер де сауалнама жүргізеді. Сауалнама жауаптары планшетке енгізіледі. Интернет арқылы мәліметтер берген респонденттер интервьюерлер жүргізетін сауалнамаға қатыспайды», - деді ҚР Ұлттық экономика министрлігі статистика комитетінің төрағасы Нұрболат АЙДАПКЕЛОВ.