Алманың отаны саналатын Алматы ¬- Қазақстанның ең ірі, әрі әсем қаласы, мәдени, ғылыми, қаржы, сауда және туристік орталығы. Тоғыз жолдың торабында орналасқан қала 68 жыл бойы еліміздің астанасы ретінде өз тарихында республиканың бүкіл саяси, мәдени өмірін шоғырландырды. Кең көлемде жүргізілген археологиялық зерттеулер мен бірнеше халықаралық ғылыми конференциялардың нәтижесінен кейін шаһардың тарихы мың жылдан асатындығы мәлім болды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.
«Біз Қазақстаннан территориясынан Ұлы жібек жолынан өткенін білеміз. Ұлы Жібек жолы қалалардың пайда болуына, өркениеттің пайда болуына әсер етті. Әрине, Алматы қаласының мың жылдық тарихы барын дәлелдейтін, архелогиялық зерттеулер, дәледемелр өте көп. Солардың бірі және бірегей осы монеталарды айтсақ болады», - деді Алматы тарихы музейінің экскурсоводы АБАДАН ТІЛЕУБЕРГЕНОВА
«Монеталарды қарайтын болсақ онда екі таңба бейнеленген. Бірі - Хайдулардың үйі. Олар Моғолстанның арғы атасы. Ал, екіншісі «тарақ таңба». Ол - төрелердің таңбасы болған. Осыларды Алматының елтаңбасы ретінде де пайдалануға болады. Себебі, бұл - қала аумағындағы қолданылған ең алғашқы мемлекеттік символдар», - деді тарихшы Жақсылық СЫЗДЫҚОВ.
Бүгінде ол Жетісу өңірінің тарих-мәдени мұраларының барлық саласын қамтыған ірі ғылыми және мәдени орталықтардың бірі ол - Алматы тарихы музейі. 35 мыңға тарта экспонаттары бар ол 2001 жылы алшылған болатын. Кез-келген туристің қалаға аяқ басқанда бас сұғатын мәдени ошағында дәл осы монеталар бар. Одан өзге еліміздегі ең алғашқы оқу орны да дәл осы Алматы шаһарында 1928 жылы бой көтерген-ді. Ал бүгінде сан мыңдаған студенттің білім мен ілім алу үшін арман қуып келетін қаласына айналды.
Алматыда бүгінгі таңда 200 000 аса студент бар. Олар 30 астам университет, институт пен академияларда білім жатыр бар. Мұндағы жоғары оқу орындарының біршамасы әлемдік ретингте көш қатарында
Қала құрлысын салуда 60 жылдары заман талабына сай Қазақстан архитектура мектебі қалыптасып, құрылыс жұмыстарында ұлттық нақыштар орын алды. Осыдан кейін өткен ғасырдың 60 -70 жылдары Алматы Кеңес Одағындағы ең танымал қалалардың бірі болды. Ол кезеңде тек одақ көлемінде емес, әлемдік деңгейдегі нағыз сәулеті келіскен нысандар пайда болды.
«60-70 жылдарда Алматы қаласында салынған ғимараттарды мен архитектура саласының мақтанышы деп айта алар едім. Сол кездегі соңғы 100 жылдықтың жетістігі деп те айтуға болады. Себебі, дәл осы уақытта кешені құрылыс жұмыстары жүрді. Олардың қатарында «Қазақстан» қонақ үйі, Республика сарайы, Алматы циркі мен Арман кинотеатры бар», - деді Алматы архитекторлар одағының төрағасы Сергей МАРТЕМЬЯНОВ.
Күнделікті қарбаласпен жүріп кейде қаламыздың қалай өзгеріп жатқанын байқамаймыз. Соңғы 10 жылдың өзінде Алматыда талай нысан қайта жаңарып, жаңа ғимараттар пайда болды. Есентай Мол, Нұрлы тау сынды алып бизнес орталықтары бой көтеріп, Көгілдір күмбезді Алматы Орталық мешіті, Шаңғы трамплиндері кешені пайдалануға берілді. Алматы метросының алғашқы бөлігі де осыдан 8 жыл бұрын ашылды. Бүгінде Алматыны халық «Жастардың қаласы», «Кәсіпкерлер қаласы», «спорттың қаласы» деп атап кеткен. Себебі, бұл кез-келген саланың даму ортасы. Мұндағы қала тұрғындары мен қонақтары үшін қолайлы жағдай жасау жұмыстары күн өткен сайын ерекше қарқынмен жалғасуда.
Арнат Дүйсен, Рашид Шүкірәлиев, «Алматы» телеарнасы