Алматыда жасыл желек қалай қорғалады

02.08.2024 02:53
Almaty.tv.

Алматы қаласының жасыл желек қорында 4 миллионнан астам ағаш бар. Оның 33 пайызы жаңадан отырғызылса, 13 пайызы әлсіреген немесе құлайын деп тұр. Ал қалған 54 пайызы сау болғанымен, көбі қартайған. Мегаполистегі жасыл желектің жартысынан көбі апатты күйде. Бұл мәселені шешуді қала билігі отандық ғалымдарға жүктеп, екі жылға арналған бағдарлама бекіткен. Ол қандай жоба? Жасыл желекті қалай қорғаймыз? Осы және өзге сұрақтарға «Алматы» телеарнасының студия қонағы  Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Орман ресурстары кафедрасының профессоры Талғат Кертешев жауап береді.