Алатау ауданы тұрғындары жөнделмеген көше мен кәріз суларына шағымданды

06.02.2020 02:26

Кезекті кездесуде аудан әкімі Азамат Қалдыбеков алда атқарар жұмыстарды баяндады

Алатау ауданында шешілмеген түйін көп. Бүгін аудан әкімімен кездескен тұрғындар өз мәселелерін айтып, сұрақтарына қажетті сала мамандарымен жолықты. Тұрғындарды көбірек тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық қызметтер қатты мазалайды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.  

Бұл ауданда көше жолдарының жөндеу көрмеуі мен кәріз суларын ауыстыру – басты мәселе. Кезекті кездесуде аудан әкімі Азамат Қалдыбеков алда атқарар жұмыстарды баяндады. Мәселен қазіргі таңда «Алатау», «Алғабас», «Алмалы» шағынауданында 2230 пәтерлі 38 көпқабатты тұрғын үй салынып жатыр. Одан өзге, көпшілікті көпетен бері бері алаңдатып келе жатқан тағы бір сұрақтың бірі – жер учаскелерін заңдастыру.

«Өздеріңіз білесіздер, жылдың ортасынан бастап, осы жер мәселесі шешіліп жатыр. 930 жер учаскесінің 724 бүгінгі таңда заңдастырлды. Қалғаны 260 су қорғау белдеуінде орналасқандықтан, қазір заң талаптарына сәйкес келмей тұр», - деді Алатау ауданының әкімі Азамат ҚАЛДЫБЕКОВ.