«Поэзия аллеясында» жайқалып өсіп тұрған қарағайларды қос ақын былтыр желтоқсан айында еккен болатын
Жетісу ауданына Мұхтар Шаханов пен Олжас Сүлейменов еккен ағаштардың қасына ескерткіш тақтайша орнатылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Поэзия аллеясында» жайқалып өсіп тұрған қарағайларды қос ақын былтыр желтоқсан айында еккен болатын. Салтанатты шараға жергілікті әкімдіктің өкілдері, ақын-жазушылар мен жас таланттар қатысты. Отырыста дарынды жастар зиялы қауым өкілдерінің шығармаларын оқыды. Айта кетейін, осыдан бірер жыл бұрын ашылған шығармашылық алаңда жиі әдеби кештер өткізіліп, жазушылар мен ақындар бас қосып тұрады.
«Поэзия аллеясы» былтыр ашылған. Ашылу қарсаңында қала әкімі Бақытжан Сағынтаев келіп, алғыс сезімін білдіріп, осының ашылуын қазақтың екі алыбы Олжас Сүлейменов пен Мұхтар Шаханов ағамыз жасаған еді және ашылу барысында Мұхтар Шаханов, Олжас Сүлейменов ағаларымыз ағаш отырғызған. Бүгін мына тамаша күнде сол алыптарымыздың өлеңдерін жатқа оқитын ақындардың басын қосып жаңағы ағаштарға естелік тақта орнаттық», – деді ақын, ҚР Жазушылар одағының мүшесі Мұратхан Шоқан.