Алаш арыстары Ахмет Байтұрсынұлы, Мағжан Жұмабаев пен Жүсіпбек Аймауытұлының ақталғанына биыл 35 жыл толды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Тарихи тұлғалардың мол мұрасын насихаттау мақсатында Алматыда дөңгелек үстел өтті. Іс-шарада тарихшы ғалымдар Алаш мұрасы жайлы сөз қозғап, олардың зерттелуі мен зерделенуіне тоқталды. Сондай-ақ жиын барысында тарих ғылымдарының докторы, академик Мәмбет Қойгелдиевтің жетекшілігімен жарық көрген «Алаш ісі» кітабының тұсауы кесілді.
– Дөңгелек үстел «Ұлтын сүйген ұлылар» деп аталады. Ахметтей, Әлихандай, Міржақыптай, Жүсіпбектей қазақты сүюдің, Алашты сүюдің және оған өле-өлгенше, қара тұяғынан қал кеткенше қызмет етудің үлігісін көрсеткен адам мыңнан бір кездеседі. Жалпы адамзаттық деңгейде үлгі болған тұлғалар. Тәуелсіздік болмаған кезде сондай арыстарымыздан айырылдық. Енді Тәуелсіздіктің арқасында, 30 жылда жоғымыз түгенделіп, өлгеніміз тіріліп, өшкеніміз жанып жатыр, - дейді. А. Байтұрсынұлы музей-үйінің меңгерушісі Әділет Ахметұлы.
Оқи отырыңыз: Алматыда ұлттық құндылықты дәріптеуге үйрететін семинар өтті