Елбасы міндеттеген «Әлеуметтік қамқорлық» шарасы бүгін Алматының Жетісу ауданында талқыланды. Жиынға көпбалалы ата-аналар, мүгедек бала бағып отқан отбасы мүшелері, әлеуметтік аз қамтылған тұрғындар қатысты деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Шараға қатысқан азаматтарға «Бақытты отбасы» бағдарламасының бағыттары, аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға көрсетілетін көмек түрлері түсіндірілді. Осы ретте айта кету керек, «Нұр отан» партиясының аудандық филиалы жүзден астам көпбалалы отбасыларға материалдық көмек беруде.
«Әл-ауқаты төмен көп балалы отбасыларға, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған аналарға көмек көрсетіліп жатыр. Оларға азық-түлік себеттері, материалдық көмек және заң аясында кеңес беріліп, құзырлы органдармен бірлесіп, құжаттарын рәсімдеуге көмектесіп жатырмыз», - дейді Жетісу ауданы «Nur Otan» партиясы идеология бөлімінің хатшысы Бибігүл ОСПАНОВА.