Панасыз ит-мысықты өртеуге 3 миллион теңгеден астам қаржы бөлінген

15.09.2021 02:59

Қауіпті жұқпалы аурулардың тарауынан және ауаның экологиялық ластануынан сақтану мақсатында қаңғыбас иттер мен мысықтардың өлекселерін арнайы құрылғыда өртеу керек деп әкімдік тендер жариялаған

ашық дереккөзден

Атырау қаласының ветеринариялық стансасы 2600 ит пен мысықтың өлексесін арнайы орындарда өртеуге тендер жариялаған. Оның шартына сәйкес мердігер тендердегі міндеттемелерін осы жылдың 31 желтоқсанына дейін орындауы қажет. Оған бюджеттен 3 миллион теңге қаржы бөлінген. Ал, белсенділер болса, мемлекет қаржысы дұрсы жұмсалмай жатыр деп дабыл қағуда. Істің мән-жайын өңірдегі Almaty.tv тілшісі анықтап қайтты.

Қауіпті жұқпалы аурулардың тарауынан және ауаның экологиялық ластануынан сақтану мақсатында қаңғыбас иттер мен мысықтардың өлекселерін арнайы құрылғыда өртеу керек деп әкімдік тендер жариялаған. Алайда бұның өз кері әсері бар деп, наразылық білдірді белсенділер.

«Ол деген ақшаны былай қарай солға қарай дұрыс емес жолмен алып кету. Ит пен мысықты өлтіргенде не болады, тышқан көбейеді. Оған тағы ақша бөліну керек болады», – деді зооволонтер Момучар Жаббасов.

Қаламызда түрлі қалдықтарды азық қылатын ит пен мысық азайса, дала тағылары көбейе ме деп алаңдайды белсенділер. Бұл мәселе 2017 ылдан бері көтеріліп келеді екен.

«Біздер «Мейірімді жүрек» волонтерлары көшеде жүрген ит-мысықтарды емдеп, адамға шаппайтындай етіп жан-жақты қарастырып барып қайта көшеге жібереміз. Енді біз бұларды атып, өртеп жібереді деп қорқуымыз керек. Неге оған бөлінген қаржыны дұрыс жолға жұмсамасқа», – деді қала тұрғыны Аиша Фарид.

Көшеде шамамен 20 мыңға жуық кезбе ит болғанымен, олардың жартысынан көбі жыл сайын атылады екен. Бұған биыл 3 миллион 370 мың теңге қаражат қарастырылған.

«Біздер қала халқынан түскен өтініштер бойынша жұмыс жасаймыз негізінде.  Өтініштер күнде келіп түседі, дүкеннің алдында дүкенге кіре алмай тұрмыз, қаңғыбас иттер тұр, балаларымыз меткепке бара алмай тұр деген сияқты өтініштер», – деді қалалық ветеринария бөлімі басшысының орынбасары Мадихан Рысымбетов.

Облыстық ветеринария басқармасы белсенділер пікіріне құлақ аспай отқан көрінеді.   Зооволонтерлар болса жергілікті тұрғындармен бірге  бұл түйткілді шешу үшін енді бейбіт шеруге рұхсат сұрап отыр.

Райымбек Сафиолла, Айбек Байзақ, Атыраудан